Атырау қаласы мен 4 ауданда жер беру тоқтап тұр

АТЫРАУ. KAZINFORM — Бүгінде Атырау облысында 180 мыңнан аса адам жер кезегінде тұр. Биыл 900 жер учаскесін беру жоспарланып отыр.

жер учаскесі
Фото: АШМ

2025 жылы мен 2026 жылдың басынан бері 927 жер учаскесі мемлекеттен жеке үй салу мақсатында жер берілген. Ал жалпы 2022 жыл электронды кезек басталғалы 4909 жер учаскесі пайдалануға тапсырылған.

— Қазіргі уақытта өңірде Жылыой, Мақат, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында Жер Кодексінің талаптарына сәйкес дайын алаптардың болмауына байланысты жер беру тоқтап тұр. Биыл өңір бойынша шамамен 900 жер учаскесін табыстау жоспарланып отыр, — деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңір халқының басым бөлігі облыс орталығынан жер алғысы келеді. Қала бойынша 144 адам учаскесін жылдап күтуге мәжбүр. 

Азаматтардың басым бөлігі аудан орталықтарынан жер иемденгісі келеді. Дегенмен басты мәселе инженерлік желілермен қамтылған дайын учаскелердің болмауымен байланысты. Мысалы, Құлсары қаласында 13 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр. Олардың басым көпшілігі шаһар аумағынан жер сұрап отыр. Ал әкімдік бүгінде ауылдық округтерден жер беруге дайынбыз дейді. Мысалы, ауданға қарасты Ақкиізтоғай ауылында 300-ге жуық жер учаскесі дайын. Жаңақаратон кентінде де бос тұрған учаскелер көп.

— Жер сұрап келген азаматтардың барлығы ауылдарға кезекке тұрып, алса болады. Құлсары қаласында 1993 жылдан бастан берілген учаскелерге жол салу, көше жарығын жүргізу сынды жұмысты толық аяқтағаннан кейін жаңа учаскелерді дайындауға кірісеміз. Тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру үшін Болашақ-2 ықшам ауданын қарастырып жатырмыз. 2400 учаске дайындалып жатыр, — деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Бұған дейін Павлодарда жер кезегінде 66 мыңға жуық адам тұрғанын жазған едік.