Атырау маңында тереңдігі 10 метр шұңқыр пайда болды

ойық
Фото: видеодан алынған кадр

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласынан 18 шақырым қашықта тереңдігі 10 метр шұңқыр табылды.

Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашевтың айтуынша, терең шұңқыр Қызылжар зираты маңынан анықталған. 

«Шұңқырдың диаметрі — 20 метр. Тереңдігі — 10 метр. Қазір шұңқырдың айналасына белгі орнатылып, қауіпсіздік іс-шарасы жүргізілді. Шұңқыр анықталған аумақ Атырау қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл аумақта „Первомайский“ ЖШС-нің шаруашылығы бар. Бірақ қазір шұңқырға жақын маңда төрт түлік мал жоқ», -деді Сейілбек Зұлхашев. 

Әзірге терең ойықтың неден болғаны туралы дерек айтылмады. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау-Индер трассасы су өткізетін құбыр салу үшін уақытша жабылатынын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар