Атырау маңындағы бірнеше елді мекен тұрғындары сусыз отыр

су жоқ
Фото: Kazinform

Атырау қаласының маңындағы бірнеше елді мекенге салқын су беру тоқтатылды, деп хабарлайды Kazinform

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 4 желтоқсанда бірнеше елді мекен кешкі сағат 21:00-ге дейін салқын сусыз отырады.

— «Атырау облысы су арнасы» КМК өндірістік базасы аумағындағы Д-630 мм магистральді су құбырында апатты қалпына келтіру жұмысын жүргізеді. Осыған байланысты 4 желтоқсан сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жекелеген мекенжайларда салқын су беру уақытша тоқтатылады», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Сусыз қалған елді мекендер арасында Құрсай, Құрсай-2, Ширина, Водников, Водников-1, Водников-2, Водников-3, Көкарна, Көкарна-2, Тасқала, Тасқала-2, Тасқала-3, Жаңаталап-1, Жаңаталап-2, Зарослый, Мирный ауылдары мен бірнеше саяжай қоғамдастығы бар.

Су берілмеген нысандардың тізіміне аталған ауылдардағы 5 мектеп пен бір жасөспірімдер спорт мектебі, әскери бағытта білім беретін «Сармат» мектеп-интернаты, 3 балабақша мен 1 дәрігерлік амбулатория енгізілген.

Сондай-ақ, «Жайық-Атырау» бекіре балығын өсіру зауыты, Кеңөзек ауылдық округ әкімдігінде де салқын су болмайтыны хабарланып отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының үш ауданында ауыз су беру үш тәулікке шектелгенін хабарлаған болатынбыз.
 

Соңғы жаңалықтар