Атырау мектептерінде бірінші ауысым оқушылары онлайн оқитын болды

Халқаро йиғинлар муносабати билан Бишкек ўқувчилари икки кун давомида онлайн ўқишади
Фото: Pixabay

Атырау қаласы мектептерінің оқушылары ертең түске дейінгі сабақты онлайн форматта оқиды , деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, ауа райының күрт салқындауына байланысты осындай шешім қабылданған.

«Ертең, 11 желтоқсанда Атырау қаласында орналасқан мектептерде бірінші ауысым сабақтары қашықтықтан оқытылады. Балабақшалар ата-аналардың қалауы бойынша бала қабылдайды. Өзге оқу орындары штаттық режимде жұмыс істей береді», - деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзені қатып, Атырау сусыз отырғаны, әкімдікте комиссия құрылғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейін «Атырау облысы Су Арнасы» өкілі Жайықта мұздың тығыз массасы 20 жылдан бері болмағанын айтқан еді.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК су тазарту қондырғыларының басшысы Борис Пенкиннің айтуынша, өзенде қабыршақ мұздың тығыз массасы пайда болған. Мұндай құбылыс шамамен 20 жылдан бері байқалмаған.

«Биыл Жайық өзенінде су деңгейінің күрт төмендегені байқалып отыр. Мәселен, кеше, 9 желтоқсанда кешкі бірнеше сағатта су деңгей 15-20 см-ге төмендеді. Ұсақ мұз кристалдары су жинайтын жабдыққа орнатылған қорғаныс торларын бітеп тастады», - деп мәлім етті Борис Пенкин.

Соңғы жаңалықтар
telegram