Атырау мұнай өңдеу зауыты Қостанай өңіріне сұйытылған газ жіберіп жатыр

газ
Фото: primeminister.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау мұнай өңдеу зауыты сәуір айында 15 мың 200 тонна сұйытылған газ өндірді.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қостанай облысына отынның бұл түрін Атырау мұнай өңдеу зауыты мен «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы таңдалған. 

«Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспар бойынша сәуір айында 13 мың 800 тонна сұйытылған газ өндіру көзделді. Зауытта бұл айда 15 мың 200 тонна сұйытылған газ өндірілді. Өткен айда кәсіпорын жоспарға сәйкес Қостанай облысының тұтынушыларына 3 мың 924 тонна сұйытылған мұнай газын жеткізуі тиіс еді. Бүгінгі күні сұйытылған мұнай газының уақтылы төленген көлемі зауыттан өңірге жөнелтілді», -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, Атырау мұнай өңдеу зауытынан қара түтін будақтағанын хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар
telegram