Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды

АНПЗ
Фото: ҚМГ

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қазіргі ахуал туралы мәлімет берді.

«Бүгінгі таңда Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ескертулер жоқ. Сонымен бірге, ҚазМұнайГаз басқарма төрағасының тапсырмасымен кешегі әлеуметтік желіде тараған мәліметтердің қорытындысы бойынша тексеру жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына мүшелер таңдап алынды, жұмыс жүріп жатыр» делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан бейнеде. 

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болғаны жайлы хабар тараған еді. 

Соңғы жаңалықтар