Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағынан өрт шықты
АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында мұнай шламы тұтанды.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 12:35–те болған. Зауыттың жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында мұнай шламы тұтанған. Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмеген.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Зауыттың баспасөз қызметі кәсіпорынның штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.
Бұған дейін Ресей мұнайы Батыс Қазақстанда өңделуі мүмкін екенін жазған едік.