Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағындағы өрт толық сөндірілді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, тартылған барлық күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру ұйымдастырылды.

Атырауский нефтеперерабатывающий завод (АНПЗ)
Фото: КазМунайГаз

Нысанның ерекшелігі ескеріле отырып, ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша оқиға орнына дереу жіберілді.

— Өртті сөндіруге ТЖМ, «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының өрт сөндіру-құтқару қызметінен шамамен 65 адам мен 19 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, тартылған барлық күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру ұйымдастырылды, — делінген хабарламада.

Сағат 13:42–де өрт оқшауланып, оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері анықталуда. Жағдай бақылауда.

Айта кетелік Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағынан өрт шыққаны туралы жазған едік