Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорын ақтау үкімінің күші жойылды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорын ақтау үкімінің күші жойылды. Енді бұл іс қайта қаралады, деп хабарлайды Kazinform.

Жамбыл облысы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Жоғарығы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы экс-бас директор Шухрат Данбайға қатысты ақтау туралы үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді. Бұл туралы ProSud.kz телеграм каналында хабарланды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі аталған істің қайта қарауға әлі түспегенін мәлім етті.

Биылғы мамырда Атырау қаласының №2 сотында Атырау мұнай өңдеу зауытының («АМӨЗ» ЖШС) бұрынғы бас директоры Д. және сатып алу департаментінің директоры С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыпталушыларды ақтау үкімін шығарған еді.

Сот айыпталушылардың әрекеттерінде тағылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оларды барлық эпизодтар бойынша кінәсіз деп таныды. Сондай-ақ, сотталушылардың қылмыстық іс жүргізуші орган әрекеттерінен келтірілген заңсыз қылмыстық қудалау үшін зиянды өндіру құқығын таныды.

«Сотталушыларға 2019-2020 жылдары АМӨЗ-де «Мұнайды терең өңдеу кешенін» салу кезінде ЖШС жарғысының және регламенттелген шарттың талаптарын бұза отырып, мердігерден жеткізілген ақаулы құрылғының құнын талап ету жөнінде шаралар қолданбағаны немесе мердігердің кепілдік міндеттемелері бойынша осы құрылғыларды ауыстыруды талап етпегені үшін айып тағылған. Осылайша, тергеу пікірі бойынша мемлекетке 2,9 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Сот кешен құрылысын салу кезінде жұмыс көлемінің ұлғайғанын анықтады. Мердігерлер қосымша шығындарға ұшыраған. Бұл мемлекеттік сараптамалардың қорытындыларымен расталды. Осыған байланысты тараптар қосымша шарттар жасасып, оған сәйкес кепілдік көрсеткіштерге қол жеткізілмеген және анықталған ақаулар үшін мердігерлерден сомалар ұсталды. Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» АҚ және «АМӨЗ» ЖШС кешенді салу кезінде оларға залал келтірілмегені туралы анықтама берді», - деп хабарлаған еді соттың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар