Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан будақтап бу көтеріліп жатыр
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау мұнай өңдеу зауытындағы крекинг қондырғысынан түтінге ұқсайтын бу көтеріліп жатыр. Бу әлі тоқтаған жоқ.

Бүгін түскі мезгілге жақын зауыттан будақтаған будың фоосы әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар алаңдаушылығын білдірді.
«АМӨЗ» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, фотода түтін емес, су буы түсірілген.
– Фотода каталитикалық крекинг қондырғысында түтін газдарын ластаушы заттардан тазартуды қамтамасыз ететін Belco секциясының скрубберінен шығып жатқан су буы көрсетілген. Пайда болған «бұлт» тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді. Қазір Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, -деп мәлім етті кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан су буы әлі шығып жатыр.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытынан баяу кокстеу қондырғысы күрделі апатты жағдайда емес екенін мәлімдеген еді.