Атырау облысы: 41 елді мекенде тасқын суға қарсы бөгет тұрғызылды

бөгет
Фото: Әнуар Әбілғазиев

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан өңірлердегі қазіргі жағдай туралы мәліметпен бөлісті.

«Атырау облысында 41 елді мекенде топан судан қорғаныс бекеттері тұрғызылды. Жалпы аталған өңірде су тасқыны басталғалы 500 шақырымнан астам бөгет салынды. Бүгінде облыста министрліктің әскери қызметшілерімен қатар 10 өңірден келген құтқарушылар тобы бар. Төтенше жағдай қызметкерлері Жайық өзеніндегі су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізуде. Сондай-ақ, топан суды сору жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр», - деді министрліктің ресми өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында 2 564 тұрғын үйден топан су ағыны бұрылды.

Ресми өкілдің мәліметінге, қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram