Атырау облысында 13 қарашаға дейін 989 адамнан қызылша анықталды
Атырау облысында 2 наурыздан бері қызылша жұқтыруға күдікті 1 846 дерегі тіркелді. Оның ішінде 13 қарашаға дейін 989 адамнан қызылша дерті анықталды, деп хабарлайды Kazinform.
Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қызылша жұқтырудың алғашқы дерегі 2 наурызда тіркелген.
– Биылғы 2 наурыз бен 13 қараша аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 1846 жағдай тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 1677, Жылыой ауданында – 54, Мақатта – 50, Исатайда – 23, Қызылқоғада – 16, Махамбетте – 13, Индерде – 7, Құрманғазы ауданында 6 дерек анықталып отыр. Зертханалық жолмен талдау кезінде 989 адамның қызылша жұқтырғаны дәлелденді, - деп хабарлады департаментті ңбаспасөз қызметі.
Ал, зертханалық тексеру қорытындысымен 154 адамнан алынған талдау теріс нәтиже берген. Қазір 703 деректің зерттеу қорытындысы талданып жатыр.
Сондай-ақ, Атырау облысына басқа елдер мен өңірлерден қызылша жұқтырған 8 адам келген. Оның ішінде 3 адам Түркиядан, екеуі Тәжікстаннан, үшеуінің Біріккен Араб Әмірлігінен, Алматы мен Астана қаласынанан келгені анықталған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда қызылша ауруын жұқтырғандар ауруханаға өздері барғанын жазған едік.