Атырау облысында 5 ауыл тұрғындары әкімдерін сайлап жатыр

сайлау
Фото: Kazinform

Бүгін Атырау облысында 5 ауылдық округтің тұрғындары әкім сайлауында дауыс беріп жатыр. Бір округ Жылыой ауданында, төрт округ Құрманғазы ауданында орналасқан, деп абарлайды Kazinform.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, 10 желтоқсанға Құрманғазы ауданының Бөкейхан, Нұржау, Азғыр, Кудряшов ауыл округтері мен Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауыл округінің әкімін сайлау белгіленген. Оның ішінде Азғыр, Кудряшов, Қосшағыл ауылдық округі әкімінің өкілеттігі қазан айында мерзімінен бұрын аяқталған. Ал Бөкейхан, Нұржау ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі биыл 27 желтоқсанда аяқталады.

«Төрт округ әкімінің лауазымына 13 кандидат ұсынылды. Оның үшеуі АMANAT партиясынан, 10-ы өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелді. Учаскелік комиссиялар 6 мектеп пен 2 мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. 5 483 адам сайлаушылар тізіміне енгізілді. Дауыс берушілер арасында мүмкіндігі шектеулі 35 тұрғын, алғаш дауыс беретін 107 жас бар», - деді Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бірәлиев.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зәуре Қалмұханованың айтуынша, Қосшағыл ауыл округінің әкімі лауазымына 3 кандидат тіркелген. Екі кандидат өзін-өзі ұсынса, 1 үміткер – АМАNАТ партиясынан.

«2021 жылдан бері Қосшағыл, Қараарна, Ақкиізтоғай, Майкөмген ауылдық округтері, Жаңа Қаратон кенті және Құлсары қаласы әкімдерінің сайлауы өтті. Биы үш ауылдың әкімі сайланды», -дейді Зәуре Қалмұханова.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында 5 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар