Атырау облысында 500 шақырымнан астам бөгет тұрғызылды

бөгет
Фото: Әнуар Әбілғазиев

АСТАНА. KAZINFORM – Жылыой ауданы мен Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте 77 үйде электрмен жабдықтау, 150-де газбен жабдықтау ретке келтірілген.

Құлсары қаласында зардап шеккен 3591 адам 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек алған. Мұнда су айдау жұмыстары жалғасуда, осы уақытқа дейін 1,8 млн текше метр сорылып, сыртқа шығарылған. 

«25 сәуірге дейін азаматтардан шығынды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2523 өтініш қабылдады. Мүлікті техникалық тексеруге және бағалауға 40-тан астам маман жұмылдырылды. Жайық өзенінің тасуы және Иреклі су қоймасынан су жіберудің ұлғаюына байланысты су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Бұл ретте, 500 шақырымнан астам бөгет тұрғызылды, 4,7 млн-нан астам қапшық төселді, 15 мыңнан астам адам және 1,5 мың бірлік техника жұмылдырылды», – деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Соңғы жаңалықтар