Атырау облысында 619 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Атырау облысында кадастрлық құны 619 млн теңгеден асатын аумағы 2182 га 78 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Атырау облысында 619 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Талдаумен облыс аумағында кәсіпкерлік,тұрғын үй және өзге де мақсаттар үшін уақытша өтеулі берілген бірқатар жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы игерілмегені анықталды.

Сонымен қатар жер учаскелерін шаруашылық айналымына тарту бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар уақтылы қабылданбаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар жер пайдалану құқықтарын тоқтату және пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдады.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратураның бақылауында. 

Айта кетелік Алматыда 14 гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды