Атырау облысында 84 киік өлген, бірақ еті сатылып жатқан жоқ

АТЫРАУ. KAZINFORM –  Атырау облысының Құрманғазы ауданында қазан айынан бері 84 киік өлген. Бірақ киіктің еті сатылып жатқаны туралы жалған ақпарат тараған. 

киіктер
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Құрманғазы ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Азғыр және Сүйіндік ауылдық округінің аумағында киіктің өлгені қазан айында анықталған. Сол кезден бері ауырған киіктерден қан сынамасы, өлекселердің ішкі органдарынан паталогиялық материалдар алынып, Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» РМК-ның зертханасына жіберілген.

– Жүргізілген сараптаманың қорытындысы пастереллез ауруына оң нәтиже берген. Осыған байланысты далалықта өліп жатқан киіктердің өлекселерін жинауға және орындарын заласыздандыру жұмыстарын ұйымдастыруға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ға хат жолданды. Қараша айында аталған мекеменің мен Құрманғазы аудандық ветеринария стансасының мамандары екі рет рейдттік шара ұйымдастырып, Сүйіндік, Азғыр ауылдық округтерінің аумағында өлген 84 кикітің өлекселерін жинап, жою жұмысын жүргізді. Әлеуметтік желіде, чаттарда «Өлген киіктің еті сатылып жатыр» деген ақпарат жалған екенін мәлім етеміз. Жергілікті құқық қорғау органдарында мұндай дерек тіркелмеген, - деп мәлім етті аудандық әкімдіктен. 

Қазір аталған мәселе Құрманғазы ауданы әкімдігінің бақылауына алынған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда киік аулағандардан 335 мүйіз тәркіленіп, 283 млн теңге айыппұл өндірілгенін

Соңғы жаңалықтар