Атырау облысында 92 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында ауыл шаруашылығы мақсатында беріліп, осы кезге дейін пайдаланылмаған 92 мың гектар жері телімі анықталды. Бос жатқан жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

БҚО-да құны 231 млн теңге жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқалидің айтуынша, көзделген мақсатына пайдаланылмаған 77 жер телімі анықталған. 

«Биыл ҚР Жер Кодексіне тиісті өзгертулер енгізілді. Соған сәйкес жер телімінің 50 пайызы пайдаланылмағаны анықталса, мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс. Осыған байланысты Атырау облысында мақсатына сәйкес пайдаланылмаған, мерзімі өткен бос жер телімдеріне ғарыштық мониторинг жүргізілді. Осындай мрниторингтің нәтижесінде 2022-2023 жылдары жалпы ауданы 400 мың гектардан аса жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылған еді. Ал, 92 гектарды құрайтын 77 жер телімі мемлеке меншігіне қайтарылып отыр. Қазір мониторингтік топ мерзімі жер иеленушілерге мерзімі өткен, пайданалымаған бос жер телімдерін өз еркімен қайтаруды түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр», -деп хабарлады Әлібек Ермекқали.

Оның айтуынша, биыл Атырау облысында 94 жер учаскесі конкурс арқылы қайтадан жер пайдаланушыларға берілген. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар