Атырау облысында балаларына алимент төлемеген борышкерлер қамауға алынды

алимент
Фото: Freepik

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында балалары үшін алимент төлемей жүрген екі борышкердің ісі сотта қаралды. Сот қаулысымен борышкерлер қамауға алынды.

Қызылқоға аудандық сотының ақпаратына сүйенсек, борышкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінің талабын бұзған. 

«Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тиісті мөлшерінен алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны анықталды. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, жұмысқа орналасуға және балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге уәде берді. Сот қаулыларымен құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Құқық бұзған борышкердің әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды», -деп хабарлады аудандық соттан. 

Сот қаулылары заңды күшіне енді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 48 борышкер әйел балаларына алимент төлемегенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram