Атырау облысында былтыр 97 борышкер әкімшілік қамауға алынған

АТЫРАУ. KAZINFORM — Былтыр Атырау облысында 369 борышкер әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 97 борышкер әкімшілік қамауға алынып, 272-сіне айыппұл салынған.

«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды
Фото: pixabay.com

Атырау облыстық әділет департаментінің басшысы Асулан Каримовтың айтуынша, 87 жеке сот орындаушысы тіркелген. Оның ішінде 58 сот орындаушысы Атырау қаласында, 29-ы жеті ауданда жұмыс істейді.

«Әділет департаментінің ең ауқымды қызметінің бірі - атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету. Өткен жылы атқарушылық іс жүргізу бойынша жалпы сомасы 225 млрд теңгені құрайтын 253 066 құжат орындалуға түсті. Оның ішінде 88 млрд теңгенің 155 884 құжатына іс жүргізу аяқталды. Сондай-ақ, 21 млрд теңгені құраған 95 068 құжат бойынша атқарушылық өндіріс орындалды. Сот орындаушылары 31 341 атқарушылық құжатқа байланысты мәжбүрлі түрде орындату жолымен мемлекет пайдасына 8 млрд теңгені өндірді», -деп хабарлады Асулан Каримов.

Оның мәліметінше, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда мемлекет пайдасына қаржы өндіру бойынша 26 мың құжат артық түскен.