Атырауда бірден үш республикалық жол жабылды — «ҚазАвтоЖол»

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін ауа райының бұзылуына байланысты Атырау облысында бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

зима метель закрытие трассы қыс боран жол жабылуы
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

2025 жылғы 14 қаңтар сағат ауа райының бұзылуына байланысты Атырау облысында келесі жолдарға шектеу қойылды:

— Сағат 21:50–де Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы автожолының 517-603 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылы — Атырау қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. 

— Сағат 22:30–да Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы автожолының 337-517 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасынан-Доссор а. дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. 

— Сағат 23:00–да Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау шекарасы автожолының 3-119 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылы-Құлсары қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Үш жол учаскесін 2025 жылғы 15 қаңтар сағат 00:00–де ашу жоспарланған. 

Бұған дейін хабарланғандай, «ҚазАвтоЖол» жолдың тайғақтығына шағымданған жүргізушілерге жауап берді.

Соңғы жаңалықтар