Атырау облысында мектепті күзету үшін 48 млн теңге ұсынылған

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысындағы орта мектепті күзету үшін төленетін баға 48 млн теңгені құраған. Жергілікті еріктілер ұсынылған бағаның 12 есеге негізсіз көтерілгенін анықтады.

Шығыс Қазақстан облысындағы орташа жалақы – 325 мың теңге
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл дерек Қызылқоға ауданында тіркелген.

«Қызылқоға аудандық білім бөлімінің №9 орта мектебі 48 млн теңгеге күзет қызметін сатып алуды жоспарлаған. Ал, облыста білім беру ғимараттарын күзету қызметінің орташа бағасы 3-4 млн теңгені құрайды. Бұл дерек сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер мемлекеттік сатып алу порталындағы конкурстық ұсынысқа жүргізілген мониторингі кезінде анықталды. Осыдан кейін қызмет бағасы 12 есеге төмендетіліп, 3,5 млн теңгеге сатып алынды. Бюджеттің 44,5 млн теңгесі кері қайтарылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық департаменті тарапынан жергілікті атқарушы органға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеу жөнінде ұсыныс берілді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 7 жылдан бері салынбай тұрған мәдениет үйінің құрылысы қайта жанданатынын хабарлаған болатынбыз.