Атырау облысында мопед қаққан жасөспірім ауруханада қайтыс болды

Контроль за мопедистами усилили в Алматы
Фото: кадр из видео

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында мопед жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті. Зардап шеккен жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 18 мамырда тіркелген. 

«Күндізгі сағат 15:25 шамасында Индер ауданының Бөдене ауылында мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қағып құлатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Индер аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ, зардап шеккен жасөспірім ауруханада қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Адам өліміне себепкер болған жол-оқиғасын жасаған мопед жүргізушінің жасөспірім екені анықталып отыр. Биылғы наурыз айында бұл жасөспірімнің осындай құқық бұзғаны үшін заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылған. Алайда, жасөспірім ескертуге қарамастан мопед жүргізуді жалғастырған. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кінәсінен 17 жол оқиғасы болғанын  хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар
telegram