Атырау облысында үй аралап жүрген учаскелік полицей 70 жастағы қарияны өрттен алып шықты

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Құлсары қаласында тұрғын үй өртенді. Полиция қызметкері өрттен 70 жастағы қарияны алып шықты.

полиция
Фото: Алматы облыстық Полиция департаменті

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт 1 ақпанда болған. 

– Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Біржан Зинуллин «Қару» жедел іс-шарасы кезінде тұрғындарға қару сақтаудың ережесін түсіндіріп жүрген. Ол тұрғын үйдің біріндегі өртті байқап, жедел көмекке ұмтылған. Түтінге оранған үй ішінен 70 жастағы қарияны қауіпсіз жерге алып шықты. Кейін өртті сөндірді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Егде жастағы ер адам жедел-жәрдем бригадасының көлігімен аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Оның денесін күйік шалған.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық полицей жанармай бекетінде өртенген көлікті сөндіргенін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар