Атырау облысында жаңа судьялар тағайындалды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында Құрманғазы аудандық сотының төрағасы мен Атырау қаласының №2 сотының судьясы тағайындалды.

с
Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы Жарлығымен Гүлсум Тасқынбаева Құрманғазы аудандық сотының төрағасы, ал Клара Күлпейісова Атырау қаласының №2 сотының судьясы лауазымына тағайындалған.

Клара Күлпейісова
Фото: Атырау облыстық соты

Клара Күлпейісова еңбек жолын 2001 жылы Атырау қаласының №2 сотында сот мәжілісінің хатшысы ретінде бастаған. Кейін Атырау облысы Соттар әкімшісінде ұйымдастыру-талдау бағыты бойынша қызмет атқарып, бөлім басшысы лауазымына дейін көтерілді. Сондай-ақ Атырау қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі болды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінде қызмет атқарған.

Гулсум Тасқынбаева
Фото: Атырау облыстық соты

Ал Гүлсум Тасқынбаева сот жүйесінде ұзақ жылдық тәжірибесі бар маман. Осы тағайындауға дейін судья қызметін атқарып, сот төрелігін жүзеге асыру саласында еңбек еткен.

Жаңадан тағайындалған судьялар облыстық сотта өткен пленарлық отырыста судьялар корпусына таныстырылды.

Бұған дейін Түркістан облысында бірқатар сот төрағасы мен судьялар тағайындалғанын хабарлаған едік.