Атырау облысында жыл басынан бері 5 мыңнан астам жас жұмыс іздеген

Атырау облысында жыл басынан бері 5 мыңнан астам жас жұмыс іздеген
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жыл басынан жұмыс іздеген 5 мыңнан астам жас тиісті органға жүгінген.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, тиісті органға жұмыспен қамту мәселесімен 5 084 жас хабарласқан.

«Оның ішінде 4 758 жасқа әлеуметтік қолдау түрлері көрсетілді. Тұрақты жұмысқа 382, бюджет есебінен ұйымдастырылатын қоғамдық жұмысқа 858, әлеуметтік жұмыс орындарына 101, жастар тәжірибесіне 816, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 204 жас жіберілді. Ал онлайн «skills» оқыту курсына 159, «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 135 жас жіберілсе, кәсіптік бағдар беру жобасымен 2 103 адам қамтылды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Биыл кәсіпкерлікті қолдау бағытымен 142 жасқа 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін микрокредиттерді беру үшін 710 млн теңге бөлінген. Басқарма тарапынан жастарды кәсіпкерлікке тарту үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне микрокредит көлемін көбейту туралы ұсыныс жолданған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 562 отбасы 75 млн теңгенің атаулы әлеуметтік көмегін алғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum