Атырау облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік түгі қалмай өртенді.

Атырау
Фото: Видеодан алынды

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға кеше, 11 аурызда болған.

«Мақат ауданының орталығы – Мақат кентінде кешкі сағат 20:00-де автобус өртенді. Жалын сағат 20:39-да оқшауланып, сағат 20:52-де толық сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қоғамдық көліктің Атырау қаласы мен Мақат кенті аралығында жолаушы тасымалдайтыны анықталып отыр. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Жалынды сөндіруге 7 адам мен 2 техника тартылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жол апатынан екі көлік өртеніп, бір адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар