Атырау облысында жүк көлігіндегі 22 тонна мақта түгі қалмай өртеніп кетті

мақта
Фото: Атырау облыстық ТЖД

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жүк көлігіндегі 22 тонна мақта түгі қалмай өртеніп кетті.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 12 сәуірде сағат 12:55-те болған. 

«Атыраудан Ресейдегі Астрахан облысына қатынайтын жол бойындағы Тұщықұдық ауылының тұсында жүк көлігінің тіркемесі өртенді. Жүк көлігі Грузияда тіркелген. Көліктің Шымкент қаласынан шығып, Түркияға бағыт алғаны анықталды. Оның тіркемесіне тиелген 22 тонна мақта түгелдей жанып кетті», - хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Өрт сағат 13:47-де оқшауланған. Ал, сағат 14:20-да толығымен сөндірілді. 

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатқанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар