Атырау облысындағы өртте күйіп қалған екі адамның жағдайы ауыр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Индербор кентіндегі өрттен күйіп қалған екі адамның жағдайы ауыр күйде қалып отыр. 

Атырау облысындағы өртте күйіп қалған екі адамның жағдайы ауыр
Фото: pbs.twimg.com

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 25 сәуірде Индербор кентінде өрттен екі адам зардап шеккен.

«Индер аудандық орталық ауруханасына екі адам жеткізілді. Оның бірі – әйелдің жағдайы аса ауыр жағдайда деп бағаланып отыр. Науқастың денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Ал ер адамның жағдайы орташа ауыр. Қазір науқастың екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастар аппаратқа қосылған. Әйелді Атырау қаласына жеткізу үшін санавиация шақырылды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы Индербор кентінде өрттен екі бала мерт болғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар