Атырау облысының Индер ауданына жаңа прокурор тағайындалды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Бас прокурордың бұйрығымен Индер ауданының прокуроры болып Нариман Ешманов тағайындалды.
Нариман Олжабайұлы 1978 жылы дүниеге келген.
Еліміздің прокуратура органында 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолының бастапқы жылдары Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасында бас маман, прокурор, аға прокурор болған. Бұдан кейін қадағалау органындағы қызметі Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры және аға прокуроры болып жұмыс істеген. Жылыой ауданы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы, Махамбет ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Атырау облысындағы Мақат ауданының прокуроры болды. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Индер ауданының прокуроры қызметін Абзал Сахиев атқарған еді. Бас прокурордың бұйрығымен ол Атырау облысының Ресей Федерациясымен шекаралас Құрманғазы ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Сондай-ақ Атырауда мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы қызметінен кеткенін жазған едік.