Атырау облысының Индербор ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Индербор ауылында үйінді құрылыс телімінде су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түнде қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта ауылды су басу қаупі жоқ.
Айта кетсек, өткен тәулікте «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша Индер ауданындағы сағат 09-00 жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 5 см көтеріліп, 1038 см болды.

Бұған дейін вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысы Индер ауданының Индербор, Жасуат, Құрылыс ауылдарында, сондай-ақ Махамбет ауданына қарасты Махамбет, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстарын тексергенін жазған болатынбыз.