Атырау облысының қанша елді мекеніне тасқын су қаупі төнеді

Су басу
Фото: Видеодан алынған кадр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында көктемгі тасқын судың қаупі төнетін 51 елді мекен бар. Қазір 15 елді мекенде қауіп сейілген.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, биыл Жайық өзеніндегі су деңгейі нормадан 270 см-ге жоғары болуы мүмкін. 

«Қызылқоға, Жылыой аудандары аумағымен өтетін Ойыл және Жем өзендеріінің бассейндеріне су көп келетіні туралы мәлімет бар. Өйткені, аталған өзендердің бастауы жатқан Ақтөбе облысында жауын-шашын мөлшері көп түсті. Жалпы өңірде тасқын және еріген су басуы мүмкін 51 елді мекен бар. Қазір 15 елді мекенде қауіп сейілді. Ал, 12 елді мекендегі қорғаныс бөгеттеріне 2021-2025 жылдары аралығында күрделі жөндеу жүргізу жұмысы жоспарланды. Енді су тасқынына қарсы дайындықтың инженерлік жоспарына 24 елді мекен енгізілді», - деді Нұрлан Жаңабаев.

Облысы әкімі Серік Шәпкеновтің өңірде жолдардың астында орналасқан 396 су өткізу құбыры топырақпен толып қалған. Оны тез тазалау қажет. 

«Су тасқыны қаупінің алдын алу үшін барлық мүдделі мемлекеттік орган бірлесе жұмыс істеуі керек. Өйткені, тасқын су уақыт талғамайды. Су келу туралы ел арасында алып-қашпа әңгіме көп. Осыған байланысты тұрғындарға жедел ақпарат таратудың маңызы зор. Тұрғындар өздері тұратын елді мекенде қандай жұмыстар істелгені туралы хабардар болуы тиіс», - дейді Серік Шәпкенов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда күкіртті сутегі шекті мөлшерден 97 есе асып, жоғары экстремальды ластану тіркелгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар