Атырау облысының шаруалары 9,6 мың гектар алқапқа егін егеді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Биыл Атырау облысында 240 шаруашылық құрылымы мен жеке секторда 9 653,7 гектарға егін егу жоспарланып отыр.

егін жинау
Фото: Үкімет

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің мәліметіне сүйенсек, оның ішінде 638,7 гектарға картоп, 3070 гектар алқапқа көкөніс, 1415 гектарға бақша дақылдары өсіріледі. Ал, 4530 гектарға мал азықтық дақылдың дәні себіледі. 

– Осы кезге дейін жоспарланған егістік көлемінің 9553,7 гектар жері жыртылды. Шаруалар 2680,5 гектарына картоп, көкөніс, бақша және мал-азықтық дақылдар тұқымын септі. Енді мамыр айын дейін 100 гектар толығымен жыртылады, - деп хабарлады Руслан Жұмағазиев.

Оның дерегіне қарағанда, жер жырту, егін егу жұмыстарына 780 техника тартылған. Оның ішінде 450 трактор, 330 ауыл шаруашылығына қолданылатын арнайы машиналар мен су насостары бар.

– Биыл шетелдік азаматтарды маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына тарту үшін 680 квота бөлінді. 1 сәуірге дейін 355 шетелдікке рұқсат беріліп, жұмысқа тартылды, -деп мәлім етті Руслан Жұмағазиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тұрақтандыру қорында 400 тонна көкөніс барын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар