Атырау облысының тұрақтандыру қорында 400 тонна көкөніс бар
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының тұрақтандыру қорында төмен бағамен ұсынылатын 400 тонна көкөніс бар. Оның 260 тоннасы – картоп.

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, көктемгі кезеңге төмендетілген бағамен 680 тонна төмендетілген бағамен ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізу ергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушімен қосымша шарт жасалған.
– Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорының қоймасында 400 тонна көкініс өнімі сақтаулы тұр. Оның ішінде 260 тонна картоп бар. Шартқа сәйкес әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері Атырау қаласындағы 3 базар мен мен 4 сауда павильонында сатылады. Картоптың бағасы – 255 және 265 теңге. Ал пияз бен сәбіздің келісі 160, қырыққабат 215 теңгеден сатылып жатыр, -деп мәлім етті корпорацияның баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Ауыл шаруашылығы министрі картопты 200 теңгеден жеткізу туралы айтқан еді.