Атырау облысының тұрғыны мас күйде жеңгесін балағаттап, терезе сындырған
АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында ер адам мас күйде жеңгесін балағаттап, бөлмесінің терезесін сындырып кеткен. Сот құқық бұзушыға айып түріндегі жаза тағайындады.

Бұл іс Исатай аудандық сотында қаралды. Айыпталушы Е.-ге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған.
— Құқық бұзушы Е. 2024 жылдың желтоқан айында түнгі мезгілде ағасының үйіне келген. Алкогольдік ішімдік ішіп, мас болған ол жеңгесін балағаттап, жатын бөлмесінің терезесін сындырған. Осылайша айналасындағыларды сыйламай, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзған, — деп хабарлады аудандық соттан.
Исатай аудандық сотында өткен отырыста құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындады. ️Сот қаулысымен Е. кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау соты депутат пен блогер дауына қатысты үкім кескенін жазған болатынбыз.