Атырау-Орал трассасы: Индерборға бұрылатын жолдың екі жағына су жиналды

су басты
Фото: Индер ауданының әкімдігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау-Орал трассасынан Индербор кентіне бұрылатын 7 шақырым жолдың екі жағына су жиналды. 

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, бүгін, 8 мамырда таңертеңгі сағат 08:00-де Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 959 сантиметрге жеткен еді. Бұл көрсеткіш қауіпті шектен +114 сантиметрге көп болып отыр. 

жолды су басты
Фото: Индер ауданының әкімдігі

Атырау-Орал бағытындағы трассадан Индербор кентіне бұрылатын жолдың екі жағындағы жайылмаға су жиналған. Аудан орталығына баратын бұл жолдың ұзындығы – 7 шақырым. 
«Жолдың екі жағына бірнеше сағат жауған жаңбырдың суы жиналды. Ал, асфальттың үстінде жаңбырдың аздаған суы бар. Өр суының асфальтты басу қаупі болғандықтан, кеше жолдың екі жағына топырақ төгіліп, бөгет тұрғызылды. Қазір жағдай бақылауға алынды», -деп хабарлады Индер ауданының әкімдігі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінде шекті деңгейден 114 сантиметрге асып кеткенін хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар