Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жекешелендірілген жоқ – «ҚазМұнайГаз»

МӨЗ
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

АТЫРАУ. KAZINFORM – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев мұнай өңдеу зауыттарын жекешелендіруге қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды. 

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде және кейбір БАҚ-та Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тараған.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеймін. Бұған қатысты келіссөз жүргізілген емес. «ҚазМұнайГаздың» мұнай өңдеу зауыттарында барлық өндірістік процесс штаттық режимде жүріп жатыр», - деп мәлім етті Дмитрий Макеев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты отандық компаниядан табиғи газды сатып алатынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар