Атырауда 10 гектарды шарпыған қамыс өрті сөндірілді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Қызылқоға ауданындағы Қарабау ауылының маңында ашық аумақта тұтанған қамыс өрті толық сөндірілді. Өрт 10 гектар жерді шарпыған.

Атырауда 10 гектарды шарпыған қамыс өрті сөндірілді
Видеодан алынған скрин

Төтенше жағдай 18 қазанда сағат 23:27–де тіркелді. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері, барлығы 69 адам мен 11 техника жұмылдырылды.

— 19 қазан сағат 19:48–де өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады облыстық ТЖД.


Айта кетейік, төтенше жағдай Қарабау ауылынан шамамен 13 шақырым қашықтықта, яғни елдімекеннен алыс аумақта тіркелген.

Жамбыл облысында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатқаны жөнінде де жазған едік.