Атырауда 17 жасар бозбаланы ұрып өлтірген ауылдасы қамалды

АТЫРАУ. KAZINFORM — 4 шілдеде Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында ауылдасының соққысынан 17 жасар жасөспірім көз жұмды.

қамауға алу
Фото: pexels.com

Аталған дерек бойынша полиция «абайсызда қазаға ұшырату» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауымен күдіктінің әрекеті «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен дәрежеленіп, ол қамауға алынды.

13 шілдеде оған сот шешімімен екі ай мерзімге қамау шарасы санкцияланды.

Тергеу прокуратураның ерекше бақылауында.

Соңғы жаңалықтар