Атырауда 2 млн текше метрден астам су сорылды

Урал, Атырау
Фото: Атырау облысының жедел штабы

АСТАНА. KAZINFORM – Атырау облысының Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев баяндады.

Бүгінгі таңда 2 млн текше метрден астам су сорылды, су 1821 жеке тұрғын үйден су бұрылды. 

«Соңғы тәулікте Жылыой ауданының Құлсары қаласында 155 тұрғын үйде, 2 кәсіпкерлік объектісінде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға 4 бригада мен 6 техника жұмылдырылды. Оған қоса, 329 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді», - деді Р. Жұмағазиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2613 өтініш қабылдады, 3,5 мыңнан астам адам біржолғы материалдық көмек алды.

«Жайық өзеніндегі жағдайға келсек, Индер ауданында су деңгейі +13 см, Махамбет ауданында – +7 см, Атырау қаласында – +3 см көтерілді», - деді спикер. 

Соңғы жаңалықтар