Атырауда 200-ге жуық шырша егілді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласының көшелеріне егу үшін 200-ге жуық шырша жеткізілді. Шыршаның биіктігі – 2 метр.

Атырау
Фото: Атырау обл әкімдігі

Атырау қалалық әкімінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің айтуынша, шыршаның канадалық және Глаука түрі Орал қаласынан жеткізілген.

Атырау
Фото: Атырау облысы әкімдігі

«Қылқан жапырақты ағаштар Орал қаласындағы бақта өсірілген. Шыршаның биіктігі шамамен 2 метр болады. Шыршалар Атырауға түп-тамырымен жеткізілді. Қаланың сәнін келтіретін канадалық және глаука шыршасы 4-5 метрге дейін өседі. Қазір шыршалар Қ.Сәтпаев даңғылының бойына, ретросаябақ пен теміржол вокзалының аумағына отырғызылды. Бұл жұмыс қала аумағын абаттандыру мақсатында қолға алынды», - дейді Ғасырбек Төлеген.

Оның айтуынша, алдағы уақытта шаһар көшелеріне 300-ге жуық қайың көшетін егу жоспарланып отыр. Оның кейбірі жергілікті бақтан алынады. Сондай-ақ, Ресей Федерациясындағы Тольятти қаласынан әкелу жоспарланған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Жайық өзенінің үстіндегі көпір ойылып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейін Жайық үстіндегі көпірдің ойығы түн ішінде жөнделгенін  жазған едік.