Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда 22 адамда сифилис анықталды

АТЫРАУ.KAZINFORM - Атырау облысында өткен жылы мерездің 20 жағдайы анықталса, биылғы алғашқы алты айда-ақ 22 адамда тіркелді. Олардың арасында бір бала бар. Бұл туралы Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансері мәлімдеді.

ДСМ: Қазақстанда дәрігер тапшылығы 19,6% азайды
Фото: ДСМ

Мерез — көбіне жыныстық жолмен жұғатын қауіпті инфекциялық ауру. Ол теріні, шырышты қабаттарды, ішкі ағзалар мен жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін. Мамандардың айтуынша, аурудың алғашқы белгілері адамда әртүрлі байқалады. Кейбір науқастардың денесінде бөртпе пайда болып, шашы түсуі мүмкін. Ал кей адамдарда аурудың сыртқы белгілері мүлде байқалмайды. Соған қарамастан инфекция ағзаға еніп, біртіндеп түрлі мүшелерге әсер ете береді.

- Мерез ауруының белгілері кей адамдарда көрінеді. Мысалы, үстіне бөртпелер шығады, шашының түсуі байқалады. Тағы бір белгілері болуы мүмкін. Ал кей адамдарда ондай белгілер болмайды. Бірақ бактерия түскен соң біртіндеп ағзаны бүлдіре бастайды. Бұл — жұқпалы кезеңдегі ауру, - деді Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің директоры Мира Бердешева.

Дәрігерлер инфекцияны ерте анықтаудың маңызы зор екенін айтады. Себебі ауру дер кезінде анықталып, тиісті ем қабылданбаса, асқынуы мүмкін. Сондықтан күмәнді белгілер байқалған жағдайда медициналық тексеруден өту қажет.

2021 жылы өңірде сифилистің 72 жағдай тіркелсе, 2022 жылы — 55, 2023 жылы — 36, 2024 жылы 34 жағдай анықталған. Мамандардың айтуынша, аурудың бұл түрінің бір кезеңде таралу көрсеткіші төмендеп, белгілі бір уақыттан кейін артып отырады.

Бұған дейін қаладағы мектептерде миопия көрсеткіші 30%-ға жеткенін жазған едік.