Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген күдікті қамауға алынды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген 38 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті қамауға алынды.

Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген күдікті қамауға алынды
Фото: Павлодар облысы прокуратурасы

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен ақпаратқа қарағанда, күдікті әйелді үйінде өлтірген. 

– Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, 1979 жылғы әйелді тұрғын үйінде өлтірген 1987 жылғы күдіктіні ұстады. Күдікті қамауға алынды. Одан заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2 бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу департамент бастығының бақылауына алынған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар