Атырауда 5 жастағы қыз каналға түсіп кетіп, көз жұмды
АТЫРАУ.KAZINFORM – Атырау қаласына қарасты Тасқала елдімекенінде 5 жастағы қыз каналға түсіп кетіп, көз жұмды. Бүлдіршіннің денесі іздестіру жұмысынан кейін жақын маңдағы каналдан табылды.
Бұл деректі облыстық полиция департаменті растады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 23 маусым 17:00 шамасында болған. Жақындары кішкентайдан бірер минутқа көз жазып қалыпты. Бүлдіршіннің денесі 23:00 шамасында жақын маңдағы каналдан табылды.
Полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Бұған дейін Петропавлдағы Пестрое көлінде ер адам суға тұншығып, көз жұмғанын хабарлаған едік.