Атырауда 65 мың ардагерді біріктіретін ұйым жұмыс істейді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда ардагерлерді қолдау және ұрпақтар сабақтастығы мәселелері талқыланды.

Более 65 тысяч человек объединяют ветеранские организации Атырауской области
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырауда облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы өтіп, оған өңір басшысы Болат Ақшолақов пен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов қатысты.

Болат Акчулаков
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Пленумға жиналғандар ардагер ұйымдарының жұмысын қорытындылап, қарттарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау, ұлттық құндылықтарды сақтау және аға буынның жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі жөнінде пікір алмасты.

Более 65 тысяч человек объединяют ветеранские организации Атырауской области
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысында 264 ардагерлер ұйымы бар, оларға 65 мыңнан астам адам мүше. Зейнеткерлерге медициналық және әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Атырауда ардагерлерді қолдау және ұрпақтар сабақтастығы мәселелері талқыланды
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Пленум соңында ардагерлер қозғалысының дамуына үлес қосқан бірқатар зейнеткер марапатталды.