Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйі бұзылып жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда 1973 жылы салынған бұрынғы «Ақ Жайық» қонақүйінің ғимараты бұзылып жатыр. Нысан бірнеше жыл бойы пайдаланылмай тұрған. Қазір демонтаж жүріп жатыр, оны қараша айының ортасында аяқтау жоспарланған.

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйі бұзылып жатыр
Фото: Pastvu.com

Ғимарат бастапқыда «Гурьев» қонақүйі деп аталған.

қонақ үй
Фото: Н. Шильманның «Ескі қала» кітабынан

1990 жылдары жекеменшікке өткен нысан кейін бірнеше компанияның меншігіне ауысқан.

қонақ үй
Фото: А. Шергилованың «Одноклассники.ру» парақшасынан

2018 жылғы 4 шілдеде қонақүйге жапсарлас орналасқан мейрамханадан өрт шықты.

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйі бұзылып жатыр
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

 Жалын коммуникациялық шахталар арқылы ғимараттың жоғарғы қабаттарына тараған.

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйі бұзылып жатыр
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Өрт шамамен 3,5 мың шаршы метр аумақты шарпып, оны сөндіру жұмысты тоғыз сағаттан астам уақытқа созылған. 

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйі бұзылып жатыр
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Оқиғадан кейін ғимарат пайдаланылмай тұрды. Енді оның орнына жаңа қонақүй-іскерлік орталығын салу жоспарланып отыр. 

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйі бұзылып жатыр
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Биыл атыраулық компания қонақүйдің орнына биіктігі 130 метр болатын қонақүй-іскерлік орталығының жобасын таныстырған еді.

Инвестордың жоспары бойынша кешенде 600 нөмірлі бес жұлдызды қонақүй, 12 мың шаршы метрден астам коммерциялық алаң, 500 орындық конференция залы, SPA және фитнес орталықтары мен мейрамханалар орналасады. Нысанды 2030 жылға қарай пайдалануға беру көзделген.

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйі бұзылып жатыр
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Жоба авторларының мәліметінше, ғимараттың жоғарғы қабаттарынан Каспий теңізін көруге мүмкіндік болады. Сондай-ақ жоспарда зиплайн аттракционы да бар. Ол Еуропа мен Азия арасындағы байланысты көрсететін нысан ретінде ұсынылған. Оның нақты қалай жүзеге асырылатыны әзірше белгісіз.

Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйі бұзылып жатыр
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Бұған дейін осы қонақүйдің жанында гүл дүкені бар кәсіпкер Константин Щербаков бірнеше жылдан бері әкімдіктің аумақты мемлекет мұқтаждығына алу туралы шешімімен келіспейтінін жазған едік.