Атырауда алимент төлемей жүргендер құмар ойынға қыруар қаржы аударған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Талдау барысында Атырау қаласының прокуратурасымен алимент берешігі бар 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды.

проблемные кредиты
Фото: Kazinform; Midjourney

Облыстық прокуратура 45 борышкерге құмар ойын сайттарына кіруге шектеу қойылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ 11 қаскөй борышкерге қатысты алимент төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 14 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды және 2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды.

- Борышкерлерді алимент төлеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669 б.) және қылмыстық (ҚК 139 б.) жауаптылық көзделгенін ескертеміз. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау Атырау облысы прокуратурасының қатаң бақылауында, - делінген хабарламада.

Атырауда есірткі сату күдігіне ілінген Ақтау тұрғыны ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар