Атырауда аудандық әкімдіктің аула сыпырушысы ағаш кесу кезінде жарақат алған
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Құрманғазы аудандық әкімдігінің аула сыпырушысы ағаш кесу кезінде жарақат алған. Қазір ауруханада жатыр.

Бұл деректі Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 22 қаңтарда болған.
– Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының аула сыпырушысы әкімдік территориясында ағаш бұтағын кесу кезінде жарақат алды. Ол алдымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Кейін Атырау облыстық ауруханасына ауыстырылды. Жұмыс беруші заңдылыққа сәйкес материалдық және құқықтық көмек беруге қолдау көсретті. Аталған дерек мемлекеттік еңбек инспекциясына, құқық қорғау органдарына хабарланды. Қазір қажетті тексеру жүріп жатыр, - деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы құрылыс алаңында 2 жұмысшы 5-қабаттан құлап, 1-еуі көз жұмғанын жазған едік.