Атырауда баланы тепкен тәрбиешіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атыраудағы балабақшада әйел баланың бірін тепкен. Қазір тәрбиешіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Атырауда баланы тепкен тәрбиешіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: freepik.com

Бұл туралы желіде видео тарады. Онда әйелдің кішкентай ұлды тепкен сәті түсірілген. Оқиға 15 қаңтарда болған.

– Атыраудағы Зейнеп-Амина балабақшасы МАД-1 тобында болған жағдай. Осындай жағдай Зейнеп-Амина балабақшасында бірінші емес, - деп жазба қалдырған желі қолданушысы.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жарықсыз қалған мектеп оқушылары қашықтан оқып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар