Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда бір күнде әрқайсысы 290 орындық үш балабақша қолданысқа берілді

Атырауда бір күнде мектепке дейінгі тәрбие беретін үш балабақшаның нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazinform.

Атыраудағы балабақша
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жаңа балабақшаның бірі – Атырау қаласына іргелес орналасқан Ақжар-2 елді мекенінде орналасқан «Ақжелкен». Ал, «Болашақ» және «Бәйтерек» балабақшалары мұнайлы шаһардың А.Байтұрсынов пен Белинский көшесінде ашылды. Әр балабақша 290 орынға арналған.

Атыраудағы балабақша
Фото: Атырау облысының әкімдігі

«Мемлекетіміздің басты ұстанымы – балаларға сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау. Президенттің балабақша мен мектептердің санын көбейту жөніндегі тапсырмасына орай облыстағы балабақша санын көбейтіп жатырмыз. Алдағы бес жылда 2-6 жастағы балалар үшін 8 мыңға жуық орны бар бөбекжайлар салуды жоспарлап отырмыз. Балаларға сапалы білім мен ұлттық тәрбие беретін осындай жобалар ары қарай да жалғасады», -деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Атыраудағы балабақша
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Балабақшалардағы асхана, жатын бөлме, ойын, логопед және психолог, педагогтер бөлмелері, спорт залы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Асханадағы тағамдар санитарлық талапқа сай тоңазытқыштарда сақталады. Ал дәрігер бөлмесінде балаларға алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектің бәрі бар.

Әр балабақшада 26 адам жұмыс істейді. Ал, балалар 12 топ ашылған. Онда балалар кіші және үлкен топтарға бөлінеді.

Атыраудағы балабақша
Фото: Атырау облысының әкімдігі

«Осы кезге дейін мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында 870 орындық үш балабақша ашылды. Жыл аяғына дейін тағы да 890 баланы қамтитын үш балабақша ашылып, қажеттілік 15,2 пайызға азаяды», -деді Серік Шәпкенов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Құлсары қаласында үш жыл салынған 75 орындық аурухана ашылғанын жазған болатынбыз.