Атырауда департамент басшысының мүрдесі үйінен табылды
АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы Бауыржан Асаиновтың денесі өз пәтерінен табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесі 18 қазанда табылған, пәтерде шамамен екі апта жатқан болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі әзірге нақты белгісіз.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бауыржан Асаинов 2023 жылдың 4 қаңтарынан бастап департамент басшысы қызметін атқарған. Бұған дейін прокуратура органдарында және бірқатар мемлекеттік мекемеде жұмыс істеген.
Бұған дейін Шымкентте пәтерден екі баланың мәйіті табылғанын жазған едік.